Республикалық деңгейдегі экологиялық сағатының өткізуі туралы ақпарат
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ
Республикалық деңгейдегі экологиялық сағатының өткізуі туралы ақпарат

Қалалық білім беру бөлімінің хаты негізінде мектебіміздің 6 «Г» сыныптың қатысуымен экология сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатын 6 «Г» сынып жетекшісі Конакбаева Жадыра Кабылбековна, кітапханашы Альтенова Гульнар Нарзилдаевна және «Оқу-зерттеу экобио орталығынан» Аманжолқызы Нургул, Серикова Назым Бакыткановна, Қайбулла Назгул Талғатқызы біріктіріліп өткізді.
Сабақтың барысында мұғалім аңыз әңгіме арқылы сабақтың мақсатын ашып берді. Ресурс ретінде слайд, видео көрсетілді. Ойын түрінде, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған білімдерін бекітіп, әрі қарай оқушыларға тақырып бойынша постер беріліп экология бойынша өз ой –пікірлерін білдірді. Оқушылар табиғатты аялау керектігін, қорғау керектігін түсінгендерін айтып өтті.
Өтілген іс-шара туралы мектеп сайтына жіберілді.