Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
02
апрель
2019

Кадет сыныптарына оқуға қабылдау туралы хабарландыру

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ 2019-2020 оқу жылына болашақ бесінші сынып оқушыларын «Мектептегі әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру» жобасының аясында ұйымдастырылған кадет сыныптарына оқуға шақырады. Кадет сыныптарының негізгі мақсаты: оқушыларды зияткерлік, мәдени, физикалық, рухани даму, оларды қоғам өміріне бейімдеу, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді әскери және азаматтық мансапта Отанына қызмет етуге даярлау негізін құру. Кадет сыныптары оқушылардың «Жас Ұлан» жүйесі мекемелеріне білімдерін жалғастыруға алдын ала кәсіби даярлықты жүзеге асырады. Кадет сыныптары балалары жан-жақты, толық дамыту мақсатында білім мен тәрбие беру арқылы жастарды азаматтық және әскери қызметке дайындау, Қазақстандық білім беру мен мәдениеттің, халықтық және әскери дәстүрлердің озық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға жағдай жасайды.. Өтініштер сәуірдің 20-на дейін қабылданады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- туу туралы куәліктің көшірмесі;
- денсаулық жағдайы туралы және кадет сыныптарына жарамдылығы жайында медициналық қорытынды (№086 түріндегі анықтама);
Кадет сыныптарына үміткерлерді қабылдау төмендегі нәтижелерді ескере отырып конкурстық негізде жүргізіледі:
- медициналық куәландыру;
- психологпен әңгімелесу;
- сынып жетекшісінің мінездемесі;
- дене шынықтыру көрсеткіштерінің қорытындысы;
Кадет сыныптарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады, оның құрамында:
- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары;
- кадет сыныбының сынып жетекшісі;
- мектеп психологы;
- мектеп дәрігері;
- дене шынықтыру мұғалімі;
- АӘД ұйымдастырушысы.

Кадет сыныбына қабылдау оқу жылының 1 маусымынан бастап мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асады.



Мектеп әкімшілігі