Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
» » Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ оқушыларының 2018-2019 оқу жылындағы қалалық пән олимпиадасына қатысулары туралы анықтама
27
декабрь
2018

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ оқушыларының 2018-2019 оқу жылындағы қалалық пән олимпиадасына қатысулары туралы анықтама

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ оқушыларының 2018-2019 оқу жылындағы қалалық пән олимпиадасына қатысулары туралы анықтама

17.11.2018 күні қалалық білім бөлімінің нұсқауымен мектепішілік 8-11 сыныптар арасында пән олимпиадасы өтті. Сағат 9.00- де пән олимпиадасының ашылуы ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар саны - 145. Бұл 8-11 сынып оқушыларының 65 %-ын құрады.
Мектепішілік пән олимпиадасына қатысқан оқушылардың 104-і (46 %) жүлделі орындарға ие болып, мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды. I орын алған 35 оқушы (14%) қалалық пән олимпиадасына қатысуға жолдама алды. Оның 31-сы қазақ тілінде, 4 оқушы орыс тіліндегі пән олимпиадасына қатыса алады. Оқушылардың пән олимпиадасына даярлықтары жоғары болды. Пән олимпиадасы дарынды, талантты оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын, жауапкершілігін арттыратындай ұйымдасқан деңгейде өткізілді.
6.12.18 күні қалалық пән олимпиадасы өтті. Біздің мектептен барған 35 оқушының 8-і екінші турға қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарды иеленді.
1. 11 «а» сынып оқушысы Әділханқызы Жансая қазақ тілі пәнінен ІІІ орын, мұғалімі: Құмар М.У.
2. 8 «а» сынып оқушысы Ахметвалиева Диана орыс тілі пәнінен ІІІ орын, мұғалімі: Салихова З.М.
3. 9 «б» сынып оқушысы Бауыржан Аянат орыс тілі пәнінен ІІ орын, мұғалімі: Жакипова А.М.
4. 10 «а» сынып оқушысы Айдарханова Наргиз орыс тілі пәнінен ІІІ орын, мұғалімі: Уалиева А.К.
5. 9 «в» сынып оқушысы Голяков Мавлади қазақ тілінен ІІІ орын, мұғалімі: Торпакова Д.К.
6. 11«а» сынып оқушысы Кайнолдин Тимур Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орын, мұғалімі: Мусралинова У.С.

Мектеп директоры А.Ч. Кадирова