27
декабрь
2018
2018-2019 оқу жылындағы қалалық ғылыми - практикалық конференцияға және «Зердеге» қатысулары туралы анықтама
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ оқушыларының 2018-2019 оқу жылындағы қалалық ғылыми - практикалық конференцияға және «Зердеге» қатысулары туралы анықтама
Қалалық білім бөлімінің нұсқауымен қыркүйек айында 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» қалалық ғылыми - практикалық конференция өтті. Ғылыми жұмысты қорғау үшін оқушылар өткен оқу жылының сәуір айынан дайындалды. Мектебімізден 23 оқушының жұмыстары қалалық кезеңнің бірінші турына жіберіліп, 2 оқушының жұмыстары өтті. Бұл оқушылар қалалық кезеңнің екінші турынан да жүлделі орындарды иеленді.
Атап айтсақ, 4 сынып оқушысы Базан Батыр медицина, психология бағыты бойынша «Сүт құрамындағы сарысудың емдік қасиеттері» атты тақырыпта қорғап, ІІ орынды алды. Ғылыми жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Бейсенгазина Р.К.
6 сынып оқушысы Елмарқызы Елназ этномәдениеттану бағыты бойынша «Ыбырай Алтынсарин – тәрбиенің адастырмас жұлдызы» тақырыбын қорғай отыра ІІ орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Мусралинова У.С.
Сонымен қатар, жеңіске жеткен екі оқушы облыстық кезеңге қатысып, сертификаттармен марапатталды.
Қазан айының 8 күні 8-11 сыныптар арасында мектепішілік қалалық ҒПК-ға іріктеу кезеңі өтті. 32 оқушы қатысып, ғылыми жұмыстары тыңдалынып, оның 11 оқушысы жоғары деңгейде қорғап, қалаға жіберу керектігі туралы шешім қабылданды.
11 оқушының алтауының ғылыми жұмыстары екінші турға өтіп, төмендегі мектебіміздің жас ғалымдары орындар алды.
1) Азатбекұлы Н « Тригонометриялық теңсіздік және теңсіздіктер жүйесін шешу тәсілдері», ІІІ орын (жетекшісі – 2 санатты математика пәні мұғалімі Қиқан Р.)
2) Шәріпханова М «Мағжан лирикасындағы от бейнесі», ІІ орын (жетекшісі – жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Тастағанова М.Т.)
3) Шұжықбаева С «Қазақ көгіндегі күн. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі», ІІ орын (жетекшісі– жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Мусралинова У.С.)
Дегенмен, ғылыми жобаны даярлау барысында, тапсыру барысында жетекшілер тарапынан кемшіліктер байқалды. Яғни, біз оны ғылыми жобаны жазудағы мәселе деп таптық. Төмендегідей мәселелер орын алды.
Тақырыптың аннотациясы мен абстрактысының ара жігін ажырата алмау;
Жобаны компьютерде дұрыс, талапқа сай басып шығармау;
Зерттеу тақырыбының күнделігінің болмай қалып жатуы;
Академиялық дәрежесі бар адамдардың құнды пікірлері болмай жатты;
Тақырыпты ашудағы ғылыми жаңалықтың тың болмауы, бұрын зерттелген бұйымдардың қайталанып кетуі.
Осы мәселелерді шешу барысында мұғалімдер мен оқуышаларға төмендегідей көмекші қағаз ұсындық.
1) Жоба мәтіні компьютерде басылуы керек және мынадай құрылымнан тұрады:
- титул парағы;
- мазмұны;
- қазақ немесе орыс тілдерінде абстракты (аннотация, аңдатпа – жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады;
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы аннотациясы 250 сөзден аспай, мына мәселелер шешімін табуы қажет:
2) Абстракт (аңдатпа) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның қысқаша мазмұнын білдіреді:
- зерттеудің мақсаты;
- гипотезасы;
- кезеңдері, зерттеудің рәсімі;
- эксперименттің әдістемесі;
- зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
- жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
- нәтижелерді практикалық қолдану салалары.
3) Жұмыс А4 форматты ақ парақтың тек бір жақ бетіне жазылады. 1 интервал, егер мәтінде формула болса, 1,5 интервал, 14- шрифт. Оң жақтан 10 мм, жоғары 20мм., төменнен 25 мм, сол жақтан 30 мм қалдыру керек. Термин, формула немесе анықтама, теоремаға назар аудару үшін шрифты түрлендіруге болады. Жұмыс араб сандарымен парақтың соңында нақ ортаға, ешқандай нүктесіз нөмірленеді. Титул және мазмұн орналасқан парақта бет саны көрсетілмейді. Бірақ ол жалпы бет санының ішіне енеді. Жобаның әр құрылымдық бөлімі жаңа беттен басталады. Негізгі бөлімге енгізілген сурет суреттің өзінен кейін ортаға саны көрсетіліп (1-сурет), атауы жазылып, орналастырады. Қосымшалар жұмыстың соңында бас әріптермен реттеліп, беріледі. ( А қосымшасы). А қосымшасы сөзі парақтың оң жақ бұрышына жазылып, одан кейін тақырыбы көрсетіледі.
4) Титул
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі
автордың толық аты – жөні
сыныбы
жұмыстың атауы;
жұмыстың ұсынылған бағыты
секциясы
жетекшінің аты, әкесінің атының басқы әрпі, толық тегі
қаласы /жарыстың өтетін жері/, жылы
5) Жетекші пікірі – оқушы жұмысына байланысты жазбаша түрдегі тұжырым. Онда жобаның ғылыми талапқа сай және қажетті мәселені шешкендігін құптайтын пікірлер баса айтылуы керек. Сол саладағы маман пікірі.
6) Мазмұн – жоба құрылымның жоспар-кестесін белгілейді. Мұнда негізгі кезеңдер атап көрсетіледі. Оның қандай бөліктерден тұратындығы анықталады. Ол бөліктер жоба ішінде де қайталанып, жаңа беттен басталады. Мазмұн көлемі жобада қаралатын мәселелердің атауларына байланысты шешіледі.
Мазмұн парағында негізгі бөлім атаулары бірыңғай үлкен таңбамен беріледі және жаңа беттен басталады.. Негізгі бөлімдер ретінде кіріспе, басты тараулар, тұжырым мен пайдаланылатын әдебиеттер саналады. Мұның ішінде басты тараулар ғана бірнеше тармақтармен сараланады. Ол тармақтардың өзінің жеке атаулары болуы қажет. Тармақтарды жеке тармақшаларға жіктеу мүмкіндігі бар. Ол ізденушінің зерттеуі мен жұмысының орындалу барысына орай шешіледі.
Тарау басы араб санының ретімен белгіленіп, үлкен әріптермен белгіленеді. Үлкен әріптермен жазылу барлық негізгі бөліктерге тән. Ал тармақ-тармақшалар жазылуында араб сандары сақталады да, атаулары кіші әріптермен беріледі. Мазмұн сөзі жалпы парақтың үстінгі жағында тек үлкен әріптермен беріледі. Келесі бөлік атаулары мазмұн сөзінің төменгі жағынан орналасады.
Мектеп директоры А.Ч. Кадирова