TALIS-2018 халықаралық зерттеу
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ 5-9 сынып
мұғалімдері 2018 жылдың 6 наурызында«TALIS-2018»
халықаралық негізгі зерттеуге қатысты.
«TALIS-2018» халықаралық зерттеуге біздің мектебімізден мектеп директоры мен 20 мұғалім қатысты. Қатысушылардың ішінде жоғары санатты- 8, бірінші санатты- 3, екінші санатты- 5, санаты жоқ- 4. Мектеп бойынша зерттеуге қажетті құжаттар дайындалды. Мектеп директоры «TALIS-2018» халықаралық зерттеудің негізгі кезеңіне қатысу үшін мектепүйлестірушісін белгілеп, арнайы бұйрық шығарды. Зерттеуге қатысатын мұғалімдер тізімі ақпараттық- талдау орталығына жіберілді. Қазан айынан бастап педогогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте «TALIS-2018» халықаралық зеттеуге қатысушылары үшін түсіндіру жұмыстары және сауалнама сұрақтарының жалпы мазмұны бойынша талдау жұмыстары ұйымдастырылды. Зеттеуге қатысушыларға сауалнаманы толтыру бойынша негізгі ережелермен таныстырылып, психологиялық тренингтер өткізілді. «TALIS-2018»халықаралық зерттеуі өз деңгейінде өтті.