31
январь
2018
Мектеп тарихы
1.1 Мектеп туралы мәлімет
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Жаңа-Ахмер кенті, әскери қалашық территориясы, №7
Басшы: Кадирова Айгуль Чуленбаевна
Мектептің тұрғызылған және пайдалануға берілген жылы: 1973 ж.
Ғимараттың жалпы ауданы: 5155,7 м2;
Ғимараттың пайдалану (жұмыс) ауданы: 2742,06 м2;
Салынған ауданы: 2519 м2;
Ғимарат көлемі: 23814,0 м3;
Жобаның қуаты: 498 оқушы;
Сыныптар саны: 40 сынып-комплект /1-11 сынып/, 44 сынып-комплект /0-11сынып/;
25.05.2018 ж оқушы саны: 1063 оқушы;
Педагог қызметкерлер саны: 80 мұғалім
Қызмет түрі: білім беру.
Мектептің негізгі мақсаты - мектептің білім беру жүйесін дамытуда оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндігіне орай тең құқылы білім алатындай жаңа құқықтық, экономикалық-ұйымдастыру механизмдерін енгізуге жағдай жасау.
Әрбір мектеп түлегі қоғамда өз орнын таба біледі.
Мектептегі оқушыларды даярлау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
· Жаратылыстану-математикалық бағыт - 52 оқушы;
· Ағылшын тілін ерте оқыту - 1 сыныптан – 940 оқушы;
· Мектепалды даярлық тобы сыныптары - 4 топ- 120 бала;
· Шағын-орталықта - 3 топ -74 бала;
Мектептегі тәжірибе-эксперименттік жұмыстың тақырыбы: «Қоғамдастық, тәлімгерлік, бірлескен зерттеулер арқылы мұғалімдерге педагогикалық рефлексия жасата отырып, оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.»
Алдыңғы ТЭЖ тақырыбымен сабақтастығы инновациялық технологиялар түрлері қолданылып келген. Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты деңгейлік бағдарлама идеяларымен ұштасты. Деңгейлік бағдарлама идеялары да инновацияға жатады. Алдыңғы тақырыпта оқушыларды субъективті ұстанымдарын дамытуда көздеген болатынбыз. Енді сол субъективті ұстанымның бір критерийі ретінде нақты, қолжетімді етіп оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын алдық.
Ұжым сұранысы мұғалім қажеттіліктері TALIS сауалнамасының 11,18, 24 сұрақтары арқылы анықталған. Сондықтан, мектептің тақырыбының өзгеруінің де себебі осыдан анықталды. Мектептің осы тақырыбына сай пән бірлестіктері және пән мұғалімдерінің тақырыптары сабақтаса байланысқан.
Мектеп қалалық «Жаңа формация мұғалімі» эксперименттік алаңына енгізілген. Мектептегі мұғалімдер саны – 68, 84-сі 90% жоғары білімді, 16 % арнайы орта білімді.
Мектебіміз бойынша 12 мұғалім деңгейлік курстан өткен, 1 мұғалім І деңгей, 2 мұғалім ІІ деңгей, 10 мұғалім ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдер. Мектепте мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін дамыту портфолио, тәжірибе-эксперимент жұмысының және мұғалімдердің жеке, кәсіби даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.
2017-2018 оқу жылы бойынша ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 86,55. 2 түлек мектепті «Алтын белгімен» аяқтаса, 2 түлек «Үздік аттестатпен» бітірді. Мектеп оқушылары түрлі олимпиада, конкурстарға қатысып отырады. Жүлдегерлер саны жылма-жыл өсуде.
2017-2018 оқу жылында мемлекеттік деңгейде бюджет есебінен қолдау көріп, аз қамтылған отбасы балалары тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Барлық тегін тамақпен қамтылып отырған оқушылар саны – 230 және 8 оқушы ата-ана қамқорынсыз қалған бала.
1.2. Мектеп оқушылары туралы статистикалық көрсеткіш
2013-2017 оқу жылдары төмендегідей болды:
|
№ |
Тақырыбы |
2013-2014 |
2014-2015 |
2015-2016 |
2016-2017 |
2017-2018 |
|
1. |
Сыныптар саны |
30/4 |
32/5 |
35/4 |
37/4 |
40/4 |
|
2. |
Оқушылар саны |
690 |
823 |
911 |
952 |
1063 |
|
3. |
Сыныптардағы орта толым |
20 |
22 |
23 |
23 |
24 |
|
4. |
Мектепалды даярлық сыныбы |
105 |
109 |
111 |
90 |
126 |
|
5. |
Бастауыш сыныптарда |
272 |
368 |
409 |
467 |
|