Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
25
январь
2018

Ахмер орта мектебінің кітапханасы

Мектеп кітапханасы 

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ кітапханасы мектептің екінші қабатында орналасқан. Кітапхана аумағы 42кв.м құрайды.Оқу залы абонемент залымен бірге орналасқан.Альтенова Гульнар Нарзильдаевна - 2010 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істейді. Қазақтың қыздар педагогикалық институтын 1991-1995 жылдар аралығында оқып, «кітапханашы-библиограф » мамандығын иеленген. 2017 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Білім беру ұйымының ақпараттық –білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың ролі» атты тақырыбында оқып, өз біліктілігін арттырды.Рамазанова Шолпан Бердімұратовна -2016 жылдан бастап кітапханашы болып жұмыс істейді.1994 жылы Мәдени –ағарту училищесін «Кітапхана ісі» бойынша бітірген.Мектеп кітапханасының жалпы қоры -28118 ,оның ішінде оқулықтар саны -21502. Электонды оқулықтар саны -335. 2015-2016 оқу жылындағы оқырман саны -744. Кітапхана жыл көлемінде 200000 теңгеге мерзімді басылымдарға жазылады.

 

Кітапхананың негізгі міндеттері:

1. Оқу-тәрбие барысын, мектеп оқушыларының оқу бағдарламаларын меңгеруге, өмірге деген белсенді көзқарастарын оятуға, танымдық қызығушылықтарын дамытуға көмектесу.

2. Қазақстанның патриотты, азаматтық тәрбие бойынша жұмыстарды жалғастыру.

3. Оқушылардың ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру.

4. Педагогтардың педагогтік шеберліктерін жоғарылатуға көмек көрсету.

5. Қалалық кітапханалармен біріге жұмыс жасау.

2017-2018 оқу жылының ақпан айына арналған жоспары бойынша «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - кітапхана қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттермен толықтыру. Мерекелік іс-шарада «Рухани жаңғыру» атты көрме ұйымдастырылды.Ұстаздар қауымы мектеп кітапханасына кітаптар сыйға тартты.

Кітапхананың жұмыс кестесі :

8.00 - 17.00

Түскі үзіліс уақыты -13.00 -14.00

Әдістемелік күн – сәрсенбі.

Демалыс күндері : сенбі, жексенбі.

 

 

Ахмер орта мектебінің кітапханасы

 

«Рухани жаңғыру» атты көрме ұйымдастырылды


 

Ахмер орта мектебінің кітапханасы