ҰБТ туралы
ҚР–ның білім туралы (09.04.2016 жылғы № 501-V ЗРК өзгертулер мен толықтыруларының негізінде) қорытынды аттестацияның өкізілуі және ЖОО түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін мектептерде емтихан тапсырады. Жоғарғы оқу орынына түсу үшін емтиханның және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады .
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ– жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.



