01
июнь
2019
«Парктер шеруі» акциясы аясындағы мазмұнды іс-шара

Мамыр айының 21 күні Батыс-Алтай мемлекеттік қорығының қызметкерлері Макаев Әли Ерланұлы, Матков Дмитрий Олегович «Парктер шеруі» акциясы аясында мектебімізге келді. Негізгі мақсаттары қоршаған ортаны қорғау, оқушыларға экологиялық тәрбие беру және мемлекеттік қорық жайлы мәліметтермен таныстыру болды. Қызметкерлер оқушыларға қорықтар жайлы қызықты мәліметтер айтып, оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Қорық қызметкерлері өздерінің жұмыс істеу барысы туралы әр бір бөлімдерінің қызметтеріне тоқталып өтті. Оқушыларды ғылыми бөлім жұмысы қызықтырды, оның ішінде қорық жануарларының фототұзаққа түсіру жұмыстары. Оқушылар фототұзаққа түскен қорық жануарларының күндізгі және түнгі түсірілімдерін тамашалады. Өз тараптарынан парк қызметкерлеріне сұрақтарын да қойып отырды.
Батыс-Алтай мемлекеттік қорығы жайлы толық мәліметтерді арнайы сайттарынан танысуға болатынын атап өтті. Парк қызметкерлері оқушыларға дайындап әкелген таратпаларын таныстырып, таратып берді. Оқушылармен өте қызықты сауалнамалық ойын өткізіліп, танымдық мағлұматтар берілді. Парк қызметкерлері қашықтықтан өткізілетін іс-шараларға, викториналар мен конкурстарға қатысуға шақырды. Кездесу барысында «Парктер шеруі» акциясына қатысушы мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Парк қызметкерлері оқушылардың жұмыстарына жоғары баға беріп, сыйлықтармен марапаттады.
Осы іс-шараны үйлестіруші директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Торпакова Д.К. қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынаста болатындығын айтты.

Тарих пәнінің мұғалімі: Насилова Шолпан Бердімұратқызы