09
апрель
2019
«Әкем, анам және мен!» отбасылық сайысы
«Әкем, анам және мен!» отбасылық сайысы
Ахмер орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымы мен оқушылар қоғамдастығы жоспар бойынша жұмыстар атқарады. Оқушылардың көктемгі демалысы кезінде «Әкем, анам және мен!» атты отбасылық спорттық ойындар сайысы біздің мектебімізде 3 және 4 сынып оқитын оқушылар мен белсенді ата-аналар арасында өткізілді. «Спорт – денсаулық кепілі» деген сөзді арқау ете отырып, «Әкем, анам және мен!» отбасылық сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл сайыс - отбасының қатысуымен болатын тәрбиелік маңызы өте зор ойын – сауықты бағдарлама. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Әр отбасы жеке топ құрап, жеңіс мәресіне жету үшін барлық кезеңдерден төтеп беріп, шапшаңдықпен көзге түсті. Сайыс өте тартымды да қызықты өтті. Сайыс соңында барлық белсенді отбасылары мадақтама және сыйлықтармен марапатталды. Қатысқан ата-аналар өздерінің алғыстарын айтып, зор қуаныштарын білдірді.
Аға тәлімгер: Кажиекберова Гульнар Кумарбековна