15
октябрь
2018
Сыр-сухбат
Дариға Еркеновнамен сыр сұхбат.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше.
Мектебіміздегі оқушылар мен ардагер ұстаздардың қатысуымен сыр сұхбат шарасы өтті. Біздің мектебімізде білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстазымыз Абикенова Дариға Еркеновнамен сыр сұхбат өткізілді.
Сыр сұхбат барысында Дариға ұстаз балаларға өзінің отбасы, еңбек жолы, ұстаздық өмірі туралы әңгімелеп берді.
Оқушылар ұстаздың мектеп өмірі туралы қызыға тыңдап, ол ұстазымызға отбасы, еңбек, достық адамгершілік, сыйластық мәселелеріне байланысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды.
Сыр сұхбат қонағы ұстаз өмірі жайында жан-жақты деректер келтіре отырып еліміздің болашағы- балаларды жақсы оқып, жақсы еңбек етіп қана қоймай, ата-анасына қайырымды, қамқор, достарына адал болуға шақырды.
Сыр сұхбат шарасын ұйымдастырғандар-
тарих пәнінің мұғалімдері:
Мусралинова У.С.
Сулейменова А.Д.
Мұктаров Ә.Қ.

Тлеугабылов М.С.