Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
18
сентябрь
2018

Мектепшілік іс-шара

Қауіпсіз балалық шақ үшін!

    Мектебімізде үстіміздегі жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйегі аралығында «Қауіпсіз мектеп» айлығы өтуде. Осыған орай, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, табиғи апаттар қауіпсіздіктері, жалпы адам өмірінің қауіпсіздігі бағыттарында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қыркүйек айының 13-інде мұғалімдерге арналған өрт дабылы кезіндегі алғашқы әрекеттер бойынша нұсқаулықтар беріліп, келесі күні 2 ауысымда да жаттығу дабылы өткізілді. 1-ауысымда оқушылар тарапынан әлі де дайындықтың қажеттігі анықталып, 2-ауысымда мектеп белгіленген уақытта далаға шығып, сапқа тұрып үлгерді.

    Қыркүйек айының 17-сі күні 7-8-сынып оқушылары арасында «Жол қауіпсіздігін сақтайық!» үгітбригадалар сайысы болып өтті. Сайыста оқушылардың таныстыруы, сахнада өз-өздерін ұстауы, дайындаған көріністерінің мазмұндылығы есепке алынды. Оқушылар барынша белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша 7 «б» сыныбы 1-орынды, 7 «а» сыныбы 2-орынды, 8 «б» сыныбы 3-орынды иеленді. Қалған командалар «Үздік форма», «Мазмұнды көрініс» номинациялары бойынша марапатталды. Іс-шараның оқушылардың танымдылығын, шығармашылықтарын, өз-өзін басқару дағдыларын арттырудағы ықпалы зор болды.

Қазіргі уақытта өмір қауіпсіздігіне қатысты сынып сағаттарынан оқушылар өздеріне қажетті мағлұматтар алуда.