Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
21
ноябрь
2018

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

17 қараша күні «Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты іс-шараға Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ және № 27943 әскери бөлім қызметкерлеріменсалауатты да сауатты өмір сүруге тәрбиелейтін акция аясында 4 топ іріктелді. Акцияныөткізу барысында «Тимбилдинг» сайысы аталған 4 топтың қатысуымен өткізілді.
Акцияның мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтап дұрыс өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, және олардың денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
«Тимбилдинг» сайысына № 27943 әскери бөлім қызметкерлері, 10-сынып оқушылары, ата-аналары мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.
Акцияның ашылу салтанатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.К.Торпакова сөз сөйлеп, балаларды аталмыш акциямен құттықтап, дендеріне саулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тіледі.
Қатысушы топтардың топтық аты және ұраны болды, әр топ өздерін таныстырды. Барлық топтың қатысушылары Денсаулық сөзіне байланысты сергіту сәтін өткізіп шарларды көкке ұшырды. Сайыстың бастамасы мектеп оқушыларынан құралған «Жас-Ұлан» өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен флешмоб өткізілді.
Тимбилдингке жекелей әр топқа конверт берілді. Әр конвертте қатысушы топтың құпия тапсырмалары жазылған.Конверттегі тапсырманы орындауға регламент бойынша 40 минут уақыт берілген. Аталмыш топтардың құпия тапсырмалары «Жаңа Ахмер» кентінің территориясында жасырынған. Әр топ жасырынған құпия сұрақтарды өздеріне берілген конверттің ішіндегі карта бойынша табады.
Гран-при - «Бірлік» тобының капитаны Ниязбек Жасұлан
1-орын «ЗОЖ» тобының капитаны Сайранбеков Айзат
2-орын «Қыран» тобының капитаны Қабдешов Айбын
3-орын «Болашақ» тобының капитаны Ринатов Абдильазиз
Сайыстың соңында әр топ өздерінің орындаған тапсырмалары бойынша қысқаша қорғады.
 

 

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

 

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

 

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

 

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

 

«Жаңа Ахмердің жалынды жастары» атты акция

 


Похожие публикации:

20 ноябрь 2018 Олимпиада
18 сентябрь 2018 Мектепшілік іс-шара
07 сентябрь 2018 Ата -аналарға кеңес