14
декабрь
2019
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында
Тәуелсіздік- тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған қасиетті, еліміздің өміріндегі маңызды мерекелердің бірі. Жастардың, болашақ ұрпақтың бойында еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру-осындай тарихи атаулы мерекелер негізінде жүзеге асырылатыны сөзсіз. Мерекеге орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар жоспарланып, тиімді ұйымдастырылды. Іс-шараларға ата-аналар, әскери қызметшілер, ұстаздар, оқушылар қатысты. Желтоқсан оқиғасын өз көзімен көріп, қатысқан Шошенова Бақытгүл Толгакбековнамен де кездесу ұйымдастырылды. Елдігімізді асқақтатып, еркіндігімізді дәріптейтін жұмыстардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі берері мол.





