03
февраль
2019
Патриоттық кездесу
2019 жылдың қаңтар айында ай қонағы ретінде Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 5 ауған соғысының ардагері шақырылды.. Іс-шараға 9-11-сынып оқушылары жиналды. Іс-шараның басында Ауған соғысында қаза тапқан жерлесіміз Қондыбаев Қайрат Капановичті еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жаряланып, ары қарай ардагерлермен әңгіме-сұқбат өткізілді. Ардагерлерге оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Қазіргі оқушылардың барлығы бұл тарихи оқиғаны біле бермейді, сондықтан іс-шараның танымдық мәні зор болды. Кездесу өте әсерлі, патриоттық сезімге толы болғандығы қатысушылар жүзінен байқалып тұрды. Ауған соғысын өз көзімен көріп, қан майданды бастарынан кешкен ардагерлер әңгімесі мағыналы болды.
