Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
22
ноябрь
2019

байды тану-бұл қазақты тану.

Абайды тану-бұл қазақты тану.

Ахмер орта мектебінің 8-9-сыныптары арасында «Абайды тану- бұл қазақты тану» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шарада Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен, қара сөздерінен видео сұрақтар қойылды және басқа да сауалдар болды. Ойын шарты 3 кезеңді қамтыды:

1-кезең: конверт ішінде жасырылған сұрақтарға жауап беру (Әр конверттің өзіне тиесілі ұпайы бар).

2-кезең:  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің видео сұрақтарына жауап беру. 

3-кезең:  Абай мен Шәкәрімнің өмірбаянын мағыналы, жүйелі етіп қорғау. 

3 кезеңнен тұратын сайыста 8-сынып оқушылары көрермендерді ыстық ықыласқа бөлеп, қара қылды қақ жарып, әділқазылар алқасына нағыз білімді екендіктерін танытты. Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Сыныптан тыс шараның Ұлы Абайымызды дәріптеудегі, оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудағы мәні зор болды.

Тарих пәні мұғалімдері: Карменова Асем, Тлеугабылов Мадияр Серікұлы.