Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған мереке
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған мереке
19.10.2019 күні Өскемен қаласы әкімдігінің "Ахмер орта мектебі" КММ-де Ахмер ауылы тұрғындарына арналған ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік іс-шара жәрмеңкемен басталды. Абай шығармашылығына арналған концерттік бағдарламаға мектеп оқушылары, мұғалімдермен қатар әскери бөлімше қызметкерлері қатысып, Абай әндерін орындады. 5 сынып оқушылары арасында "Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы" атты Абай өлеңдердін мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. 6 сынып оқушылары ұлы ақынның қарасөздерін жатқа оқыды. 7 сынып оқушылары арасында жас ақындар сайысы ұйымдастырылды.
8 сынып оқушылары Абай өмірі мен шығармашылығына арналған таныстырылымда презантация қорғады. 9 сынып оқушылары Абай өмірінен көрініс қойды. Ал кадет сыныптарында, яғни 3"а", 3"б", 5"а", 5"б" сыныптары аралығында "Абайдың 175 жылдығына арналған саптық дайындық байқауы" болды. Ата-аналар да Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Іс-шара өте ауқымды болды, көпшіліктің көңілінен шықты. Мектеп директоры Айгуль Чуленбаевна Абайға арналған іс-шараның жыл көлемінде жалғасын табатынын және Ұлы Абайымыздың есімінің дәріптелуі біздің қасиетті борышымыз екендігін айтып, ұлы бабаларымызды, тарихымызды қадірлеуге шақырды.
10 «б» сынып оқушылары







