17
ноябрь
2021
Праздничное мероприятие "Артық білім кітапта". "Артық білім кітапта" атты мерекелік іс-шара









Артық білім кітапта...Ахмер орта мектебінде оқу жылы жақсы жаңалықпен басталды. Мектеп кітапханасы жаңартылып, заманауи үлгіде жасақталды. Кітапхана модернизациясы мектеп директоры Капжапаров Аскар Зейнелкабденовичтің басшылығымен қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының бастама ұсынысын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мектеп кітапханасының модернизациясына арналған «Артық білім кітапта» ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға «Нұр Отан» партиясы басшылығы, ШҚО білім басқармасының басшысы, Өскемен қаласы білім бөлімі басшылары, мектеп директорлары, әскери бөлім басшысы шақырылды.
Іс-шара барысында мектеп кітапханасының дизайнының жаңартылуы, материалдық қорының, жиһаздарының, әдебиеттер, оқулықтар қорының толықтырылуы, буккроссинг залының ашылуы туралы таныстырылым, мектеп үйірме-секция жұмыстарының барысы ұсынылды. Қонақтарға арналған оқушылардың шығармашылық концертінде патриоттық әндер, би, күй орындалды. Мерекелік іс-шараға БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара соңындағы қонақтардың кері байланысы жағымды ахуал туғызды.
Учебный год для Ахмеровской средней школы ознаменован хорошими событиями. В кратчайшие сроки осуществлена модернизация библиотеки под руководством директора школы Капжапарова Аскара Зейнелкабденовича.
В целях реализации инициативного предложения партии «Нұр Отан» в рамках программы «Рухани жаңғыру» к 30-летию Независимости Республики Казахстан в школе состоялось торжественное открытие мероприятия «Артық білім кітапта», посвященного модернизации школьной библиотеки. На праздничное мероприятие приглашены представители партии «Нұр Отан», руководитель управления образования ВКО, руководитель отдела образования по городу Усть-Каменогорску, директора школ, командир войсковой части №27943.
В ходе мероприятия представлена презентация по обновлению дизайна школьной библиотеки, пополнению материального фонда, фонда художественной литературы и учебников, открытию зала «Буккроссинг», работе школьных кружков-секций. На праздничном концерте для гостей прозвучали патриотические песни, танцы, кюи. В мероприятии приняли участие представители СМИ. Обратная связь гостей в завершении мероприятия создала положительные эмоции.