Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
07
май
2020

Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде... / День Победы. Вечная память...

Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде...


Мектебімізде мамырдың 6-сы күні Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Жеңіс Күні. Мәңгі есімізде…» атты бірыңғай онлайн сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары сонау отты жылдарда Отаны үшін  жанын қатерге тіккен ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеу, кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатына бағытталды. Тәрбие сағаттары ZOOM, Instagram, вацап платформалары арқылы ұйымдастырылды. Оқушылар ізденушілік, шығармашылық қабілеттерімен басымдық танытты. Өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары, олардың отбасы, өмір жолы туралы мағлұматтар жинап, видеороликтер жасап, ардагерлерге деген құрмет сезімдерін эссе, өлең жолдары арқылы білдірді. Бастауыш сынып оқушылары видеожазба арқылы Ұлы Жеңіске арнаған өлең жолдарын жеткізді.

Сынып сағаты барысында бір минут үнсіздік жарияланды. Сынып сағаттарына қонақ ретінде соғыс жылдарында өмір сүрген тыл еңбеккерлері, 27943 әскер бөлім қызметшілері қатысып, өскелең ұрпаққа жылы лебіздерін білдірді. Сынып сағаттары қашықтықтан ұйымдастырылса да қатысушылар үшін әсерлі, әрі мазмұнды болды.


Торпакова Д.К.-директордың тәрбие жөніндегі орынбасары


День Победы. Вечная память...


6 мая в нашей школе прошел единый онлайн классный час «День Победы. Вечная память...», посвященный 75-летию Великой Победы. Классные часы были направлены на пропаганду мужества и героизма наших предков, которые в далекие годы войны отстояли мир от фашизма. Воспитательные часы были организованы через платформы ZOOM, Instagram, вацап. Учащиеся проявили на уроках свои поисковые, творческие способности. Ученики собрали материал о жизни своих дедов, которые воевали в Великой Отечественной войне и сделали  видеоролики, посвятили свои эссе, стихи и песни в память о ветеранах-героях той войны.   Учащиеся начальных классов с помощью видеозаписи рассказывали стихотворения, посвященные Великой Победе.

В ходе классного часа была объявлена минута молчания. На мероприятия были приглашены труженики тыла, военнослужащие воинской части 27943, которые высказали напутственные слова и пожелания будущему подрастающему проколению. Классные часы, несмотря на то, что были организованы дистанционно, оказали большое эмоциональное воздействие для учащихся и прошли очень содержательно.


Торпакова Д.К.-заместитель директора по воспитательной работе