«Мен OFFLINE (оффлайн)»
«Мен OFFLINE (оффлайн)»
2020 жылғы 26 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық балалар акциясына байланысты мектепте бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.
Акция аясында бастауыш сынып оқушылары «Менің интернетсіз 1 күнім» тақырыбында суреттер салып, фотоколлаждар жасады. 5-8-сыныптарда тақырып бойынша сынып сағаттары, диалогтік алаң, пікірталастар өткізілді. 9-11-сынып оқушылары «Интернетсіз күнімізді қалай ұйымдастырамыз?» тақырыбында эссе жазды. Ата-аналарға сауалнамалар жіберіліп, балаларының бос уақыттарында немен айналысатындықтары жөнінде ақпарат алынды. Іс-шараға 1147 оқушы қамтылды.






Торпакова Д.К.-директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары
тел.87774116885