«Ахмер орта мектебі»КММ шағын орталық «Ертөстік» ортаңғы тобында «Алтын күз» ертеңгілігі болып өтті.
«Ахмер орта мектебі»КММ шағын орталық
«Ертөстік» ортаңғы тобында «Алтын күз» ертеңгілігі болып өтті.
Балалардың санасына күз мезгілінде болатын өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру және мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Тамаша әнмен бастайық - деп
«Ертөстік» тобының орындауында ән «Күн суытты далада» әні айтылды.Қонаққа «Күз ханшайымы» келіп, балаларға сұрақтар қойып, жұмбақтар жасырды.

Ал, ендеше, балалар,
Бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақпен сиқырлы,
Ойынды тез ойнаңдар-деп, «Кім тез жапырақтарды жинайды?»ойыны ойнатылды. Ойынды, балалар екі топқа бөлініп қызықты да, көңілді ойнады.

Балалардың барлығы «Жапырақтар» биін биледі.

«Қолшатыр» биі


Мерекенің соңында «Күз кереметтері» атты көрмеге ұйымдастырылып,балалар ата-аналарымен, үйден жасап әкелген бұйымдарын көрмеге қойып, барлық бала әкелген бұймдарымен, «Күз ханшайымымен» жеке-жеке суретке түсті.Әр балаға күздің сыйы ретінде бір-бір алма үлестіріліп беріліп, балалардың көңіл-күйі көтеріліп, мереке қызықты өтті.