Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
» » Мектепішілік «Өзгеріс» қоғамдастық тобы аясында коучинг топтарының 2018-2019 оқу жылындағы «Жаңартылған оқу бағдарламасы және жеті модуль» тақырыбында
29
май
2019

Мектепішілік «Өзгеріс» қоғамдастық тобы аясында коучинг топтарының 2018-2019 оқу жылындағы «Жаңартылған оқу бағдарламасы және жеті модуль» тақырыбында

Мектепішілік «Өзгеріс» қоғамдастық тобы аясында коучинг топтарының 2018-2019 оқу жылындағы «Жаңартылған оқу бағдарламасы және жеті модуль» тақырыбындағы жылдық есебі
2019жылдың 22 мамырында Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ мектепішілік «Өзгеріс» қоғамдастық тобы аясында коучинг топтарының 2018-2019 оқу жылындағы «Жаңартылған оқу бағдарламасы және жеті модуль» тақырыбындағы жылдық есебі өтті. Жылдық есепті қоғамдастық көшбасшысы, үшінші деңгей мұғалімі Сулейменова Айнур Жекеновна өткізді.
Мақсаты: «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 7 модуль идеясын пайдалана отырып, іс-тәжірибені таратып ой бөлісу»
Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Осы орайда жылдық есеп барысында мектебіміздің 8 коучинг тобы жыл көлемінде коучинг-сессиялардан алған жаңа идеяларымен бөлісті. Есепке қатысушылар тәжірибелерімен бөлісуде жаңартылған бағдарламаны іске асырудағы жасалып жатқан жұмыстарын шығармашылықпен ортаға салуда белсенділік танытты.
Жылдық есеп барысында әр топ презентацияны пайдалана отырып, әріптестеріне өз жұмыстарын ұсынды. Коучинг топтардың жылдық есебіне «Шамшырақ», «Жеті шырақ», «Драйв», «Успех», «Ынтымақ», «Жаңашыл ұстаздар», «Рухани жаңғыру», «Самұрық» топтары қатысып, өздерінің жыл бойғы жұмыстарының нәтижесін шығармашылықпен ұсынды. Жылдық есепті әділ-қазылар алқасы «өте жоғары» деңгейде өтті деп бағалады.

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Садуакасова Н.М.

Мектепішілік «Өзгеріс» қоғамдастық тобы аясында коучинг топтарының 2018-2019 оқу жылындағы «Жаңартылған оқу бағдарламасы және жеті модуль» тақырыбында