Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
» » Сабақта және сабақтан тыс уақытта ағылшын тілін үйренуге деген мотивациялық деңгейлерін көтеру
07
май
2019

Сабақта және сабақтан тыс уақытта ағылшын тілін үйренуге деген мотивациялық деңгейлерін көтеру

24.04.2019 күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ "Сабақта және сабақтан тыс уақытта ағылшын тілін үйренуге деген мотивациялық деңгейлерін көтеру ” тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинарға қала мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері шақырылды.
Қалалық семинардың ашылуында мектеп директоры А. Кадирова үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру барысында жыл көлемінде атқарылып жатқан «ENGLISH FOR ALL» клубының жұмысы туралы айтты.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілі мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Келесі сыныптан тыс бөлімінде «ENGLISH FOR ALL» клубының ата-аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен бірлескен жұмыстарын көрсетті.
Бұдан соң «Жаңартылған білім беру – функционалдық сауаттылық негізі» атты орталық жұмыстарымен таныстырылды.
Семинардың соңында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Н. Капчикова қорытындылады.
Семинарға келген қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасалды. Әріптестеріміз семинарға оң бағасын беріп, «ENGLISH FOR ALL» клубының жұмысын қанағаттанарлық деңгейде екенін ерекше атап көрсетті.