Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
16
апрель
2020

Біз біргеміз

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ директорының міндетін атқарушы Радич Ирина Николаевна уақытша корантиннің болуына байланысты, барлық күш жігерін сала отырып, бағыт бағдар беріп, күн демей, түн демей мектеп  ұжымына қолдау көрсетіп отыр. Өз жұмысында  адал қызмет етіп, ұжымның да, ата-аналардың да кез келген мәселелерін шешіп, планшеттер мен ноутбуктарды қолдануға беріп көмегін тигізді. Сонымен қатар мектеп жанындағы шағын орталық  мектепке дейінгі білім беруді де қолға алып, коронавирусқа қатысты алдын алу шараларын  жүргізді. «Біз үйдеміз, біз біргеміз!» атты челенджі жалғастыруды ұсынды. "Challenge" сөзі қазақ тіліне "шақыру" деп аударылады. Бұл үшін сізге тек біраз уақыт -үйде қалу, үйде оқу, ең бастысы:карантин ережелерін бұзбау қажет. Карантинде уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу үшін. «Ахмер орта мектебі»КММ «Балдәурен» шағын орталығы, уақытша қиындықтардың тез аяқталып, денсаулықтарыңыздың мықты болуын тілей отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жұмыс жасап жатқан әріптестерді, ата-аналар мен  балаларды  Өскемен қаласы шағын орталықтар арасында ең бірінші болып, «Біз үйдеміз, біз біргеміз!» атты челенджі жалғастыруға шақырды. 

Мақсаты:Қатысушылардың  позитивтік көңіл - күйін көтеру,  жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық,  сергектік,  адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру.  Адамдардың өз дамуына,  өзін-өзі жетілдіруіне немесе басқаларды  шабыттандыруға кішкене де болса үлес қосу.      # бізүйдеміз, #бізбіргеміз.  #bizuidemiz # bizbirgemiz.








#bizuidemiz # bizbirgemiz.


Қашықтықтан оқыту ол уақытша қазіргі қиын кезде тығырықтан шығу жолы. Ата-аналар бұл жаңашылдықты жақсы қабылдады. Өйткені, ең бастысы балаларының қауіпсіздігі. Қашықтықтан оқытудың тиімді, қызықты ерекше тұстары көп. Әрине, ата-ана баласының жанында отырып қадағаласа. Бүлдіршіндерді қажетсіз байланыстардан қоғау. Оқу процесін үзбеу және ата-аналардың уақытын үнемдеу болып табылады. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметінің  іс-әрекетін асыға күтіп, ата-анасының көмегімен берілген жұмыстарды орындап отырады.  Онлайн сабақта балабақшадағыдай бүлдіршіндер әріптерді үйренеді, тақпақтар жаттайды, жаттығулар жасап, ән айтып та үйренеді. Бізге ұнаған тұсы, берілген тапсырмаларды ата-аналарының көмегімен орындап, тәрбиеші де, ата-аналармен тәрбиеленушілер де бір-біріне қолдау көрсетіп тырысып, қатарынан қалмай кері байланыс жасап отырады. Мектеп директорының міндетін атқарушы Радич Ирина Николаевна қазіргі жағдайда ата-анамен де, мұғалімдермен де қоян қолтық іс-әрекеттер жасауда. Барлық мәселелерді дер кезінде шешуде. Ата-аналар баласымен бірге жасаған жұмыстарының нәтижелерін көріп, тәрбиешілеріне, мектеп директорының міндетін атқарушы Радич Ирина Николаевнаға алғыстарын білдіріп отырды.Ұжым болып, ата-аналармен бірлесіп біз бірігіп жұмыс жасасақ, барлық қиыншылықтарды бірге жеңеміз. Әрбір ұстаз өз ісінің шебері, өзгеріс қажет, біз сізбен біргеміз!Біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.


Әдіскер-тәрбиеші  Абылкасенова Алия Уалиевна «Ертөстік» тобының балаларына үйде отырып, сақтық шараларын қалай сақтану керектігі, үйде  немен айналысуға болатындығы, қандай суреттер салу керектігі жайлы видеороликтер, суреттер жіберіп, түсіндіріліп, ата-аналардың көмегімен тәрбиеленушілерінің кері байланыс жұмыстарын жинап видеороликтер жасауда.

«Ертөстік» тобының тәрбиешісі Келекенова Сауле Бакытбековна топ тәрбиеленушілеріне тақырыпқа байланысты видеороликтер жасап,   тақпақтар жазып жіберуде.


«Балбөбек» тобының тәрбиешісі Нигыметжанова Айнур Кадылбековна «Ағаштардың гүлденуі» тақырыбында тәрбиеленушілеріне тақырып бойынша түсінік беріп, видеороликтер,  тақырыпқа байланысты суреттер көрсетуде.


«Балбөбек» тобының тәрбиешісі Алханова Гульнур Каирлиновна топ тәрбиеленушілеріне тақырыпқа байланысты видеороликтер,  тақпақтар жазып жіберуде.



Воспитатель мини-центра в группе «Колокольчик» Жаксыгулова   Жансая Маратовна,  работает над презентацией на тему «Правило дорожного движения» (дистанционно) с детьми в возрасте 5 лет





Воспитатель мини-центра Акаева Меруерт Аманжоловна , работает над презентацией на тему «Безопасность детей дома»(дистанционно)с детьми в возрасте 5 лет