10
январь
2020
Шағын орталықтағы Абай апталығы
31.01.2020жылы шағын-орталықта Абайдың 175жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Абайдың өлеңдері» атты шағын-орталық тәрбиеленушілері арасында сайыс ертеңгілігі өткізілді. Топ тәрбиешілері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап,балалар музыкалық аспаптармен сүйемелдеді. Балалар қазақи нақышта киініп,Абайдың өлеңдерін жатқа айтты. Тәрбиеленушілер номинациялармен, І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды.







