Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
04
август
2022

«Мектепке жол» Республикалық акциясы. Республиканская акция «Дорога в школу»

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

      Акцияны ұйымдастырушылар өз қаласының немесе тұрғылықты мекеннің  барлық азаматтарына, яғни бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы — 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияны ұйымдастырушылар:
1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті;
2) Облыстардың әкімдіктері 
3) Білім басқармалары;
4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;
5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;
6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді.

В 2022 году республиканская акция «Дорога в школу» проводится в рамках реализации Года ребенка, объявленного Указом Президента Республики Казахстан от 19 января 2022 года №780 в целях обеспечения защиты прав и интересов детей.

Организаторы акции обращаются ко всем гражданам своего города или населенного пункта, то есть бизнесменам, предпринимателям, меценатам с предложением присоединиться к акции и внести свой вклад в оказание помощи семьям и детям в трудной жизненной ситуации.
Каждый гражданин Республики Казахстан может проявить гражданскую активность в оказании адресной помощи в подготовке к школе детей из социально уязвимых слоев населения, проявить искреннюю заботу и внимание к каждому ребенку, чтобы его путь в школу был радостным.
Цель акции-оказание материальной поддержки учащимся из малообеспеченных и многодетных семей, детям-сиротам, а также детям, оставшимся без попечения родителей при подготовке к началу учебного года и предупреждение неявки детей в школу по социальным причинам.
Начало акции — с 1 августа 2022 года, окончание-30 сентября 2022 года.
Организаторы акции:
1) комитет по защите прав детей Министерства просвещения РК;
2) акиматы областей
3) Управления образования;
4) региональные уполномоченные по правам ребенка;
5) департаменты в области обеспечения качества среднего образования;
6) секретари территориальных комиссий по делам несовершеннолетних и защите их прав, другие заинтересованные стороны.