07
май
2019
Халық қаһарманымен кездесу - Встреча с народным Героем

Халық қаһарманымен кездесу
2019 жылдың 6 мамыры- біздің мектебіміздің тарихында қалатындай ерекше күн. Өйткені, біздің шаңырағымызда Халық қаһарманы, әскери қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертайұлы болды. Осындай орайлы сәттің туғаны үшін қуанышымыз шексіз! Батыр аға кадет сыныптарының өнерлерін тамашалап, оқушылар қауымына ұлағатты әңгімесін, ақыл-кеңестерін де айтып үлгерді. Жас ұландардың қуанышты жүздерін, өзіне деген ерекше құрметтерін көріп, арнауларын тыңдағанда Батыр аға толқып, көзіне жас үйірілді.Мектеп директоры Кадирова Айгуль Чуленбаевна халық қаһарманына алғысын, жылы лебізін білдіріп, арқасына шапан жапты. Аса құрметті генерал-лейтенанттан бата алудың өзі көпшіліктің көңіліне мақтаныш сезімін ұялатты.Встреча с народным Героем
6 мая 2019 года-особенный день, который останется в истории нашей школы. Потому что, школе посчастливалось встретиться с Халық қаһарманы, ветераном афганской войны, военным деятелем, депутатом Мажилиса Республики Казахстан Бакытжаном Ертаевым. Выступление кадетских классов торжественным строем и с песней порадовал героя. Дети читали стихи, которые посвятили народному герою. Директор школы Кадирова Айгуль Чуленбаевна выразила благодарность почетному гостю, надела казахский чапан. Благословение от самого почетного генерал-лейтенанта вселяло чувство патриотизма, гордости за Казахстан.
Заместитель директора по ВР Торпакова Д.К.