Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
16
октябрь
2023

"Халықаралық ғылыми-практикалық конференция"

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен "Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық негіздері: Замануи трендтер мен іске асыру жолдары "Халықаралық ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы әзірленіп 07-10.10.2023 аралығында Астана-Өскемен қаласында өткізілді. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясынан Ғылым кандидаттары Мухамедханова Алмагуль Кенесхановна, Ермолдина Эльмира, Гульжанат Нуржановна, Айнур Жаксылыковнаның ұйымдастыруымен Өскемен қаласында жоғары мектепте бейіндік бағыттың жаңа моделінің 5ші секциясы өткізілді. Бағыт бойынша Өскемен қаласының бейіндік мектебінің жұмыс тәжірибесі мен Ахмер орта мектебінің аграрлық-инженерлік жұмыс бойынша оқушыларды кәсіптік бағдарлау және ауылдық мектеп жағдайындағы әскери-спорттық бағыт бағдарламалары  баяндалынды.  Ахмер орта мектебінің ошағында екі бағытта өткізіліп жатқан тәжірибелік жұмыстар практика жүзінде көрсетіліп, кері байланыс жасалынды. Қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сұранысы негізінде мектептерде бейінділілік бағыттарды оқытылған жөн.