«Аталы сөз-баталы сөз»
«Аталы сөз-баталы сөз» «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» деп халық батаны «киелі сөз» деп жоғары бағалаған. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Наурыз мерекесі қарсаңында Ахмер орта мектебінің 5,7-сынып оқушыларының аталары арасында «Аталы сөз-баталы сөз» атты бата беру байқауы болып өтті.