Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
10
апрель
2023

Наурыз мерекесі-Ахмер орта мектебінде. Праздник Наурыз в Ахмеровской средней школе

7 сәуірде Ахмер орта мектебінде ата-аналарға, оқушыларға, ауыл тұрғындарына арналған Наурыз мерекесі ұйымдастырылды. Мектептің  ашық алаңындағы көптеген жоспарлы  іс-шаралар кешеніне оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қауымы қамтылды. Мереке қонақтарына арналып  дастархан жайылған әдемі киіз үйлер орнатылды. Шығармашыл мұғалімдерден, әскери қызметкерлерден және оқушылардан құралған ұжымның концерттік бағдарламасы өте тартымды болды.       Сондай-ақ мерекенің барлық қатысушылары, соның ішінде қала тұрғындары үшін қолдан жасалған тағамдардың үлкен жәрмеңкесі, «Бауырсақ-пати» байқауы  өтті. Мерекеге қатысушылар спорт алаңында өз күштерін сынады. Мұнда  қазақша күрес, асық ату, кір көтеру, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар өткізілді. Тазы  ит, қыран бүркітпен суретке түсу мүмкіндігі де болды.  Көптеген тосынсыйлары бар  көптен күткен Наурыз мерекесі  барша қауымға жақсы көңіл-күй  сыйлады!
7 апреля в Ахмеровская средняя школа организовала и провела праздник Наурыз. Организаторы развернули целый комплекс мероприятий, которые прошли на нескольких открытых площадках школы. На центральной площадке  гостей праздника встречал юрточный городок с накрытым дастарханом.  Творческий коллектив из числа учителей, военнослужащих и учеников представила яркую и насыщенную программу. Также для всех участников праздника, в том числе и жителей  городка была развернута большая ярмарка- распродажа домашней выпечки. Также  участники праздника имели возможность помериться силами на спортивной площадке. Здесь проводились соревнования и  национальные игры. Вместе с тем  массовое гуляние сопровождалось катанием на лошадях, фотографированием с собаками и беркутами. Самый любимый и долгожданный праздник с множеством сюрпризов подарил всем нам море улыбок, хорошее настроение и незабываемые эмоции!