Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 55-21-68
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-52-35
Версия
для слабовидящих
22
февраль
2023

Бастауыш сынып онкүндігі жалғасуда. Декады начальных классов продолжается.

      22 ақпан күні Ахмер мектебінде бастауыш сынып онкүндігі бойынша әртүрлі іс-шаралар өтті. Таңертең барлық бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі 1 «Б» сыныбында жаратылыстану сабағының қонағы болды. Тақырыпты сынып жетекшісі Онбаева Света Шаймуратовна ашты. Сабақтың тақырыбы:«Уақыттың адам өміріндегі маңызы». Сабақтың мақсатына жетуге жеке, топтық және фронтальды жұмыстар, әртүрлі әдістерді, стратегияларды қолдану, оқулықпен жұмыс ықпал етті. Оқушылар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, белсенді және зейінді болды. Жемісті күннің жалғасы 4-сынып оқушыларының жоғары сынып мұғалімдерімен кездесуі болды. Кездесу TEDX форматында өтті. Балалар мен мұғалімдер еркін түрде бір-біріне әртүрлі сұрақтар қойды, олардың кейбіреулері күлкілі болды.
      22 февраля в Ахмеровской средней школе прошел ряд мероприятий в рамках декады начальных классов. С утра все учителя начальных классов и администрация школы стали гостями урока по естествознанию во 2 "Б" классе. Классный руководитель Онбаева Света Шаймуратовна раскрыла тему: " Уақыттың адам өміріндегі маңызы". Достижению цели урока способствовали индивидуальные, групповые и фронтальные работы, применение различных методов, стратегий, работа с учебником. Учащиеся с интересом выполняли все задания, были активны и внимательны. Продолжением плодотворного дня послужила встреча учащихся 4-х классов с учителями старших классов. Встреча прошла в формате TEDX. Дети и учителя в свободной форме задавали друг другу разные вопросы, среди которых были и шуточные.