08
январь
2019
2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ директорының ата-аналар қауымдастығына арналған қоғамдық тыңдаудағы 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмысы туралы баяндамасы
-Қазіргі уақытта мектепте мектепке даярлық топтарын қосқанда барлығы 1177 бала білім алуда. Даярлық топтары 3 ауысымда, 1-11-сыныптар екі ауысымда білім алады. Ахмер ауылы, қалашықтан тыс жерлердегі оқушылар тегін автобуспен тасымалданады. «Арман», «Инвестор», «Родничок» бағыттары бойынша 3 автобус жүреді. Оқу жылының басында 481 бала тасымалданса, І жартыжылдық соңында 543 бала автобуспен тасымалдалдануда.
Мектептің материалдық базасы мен қаражатына келер болсақ, мектеп төбесінің жөндеу жұмысына мемлекет есебінен 6,5 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мемлекет есебінен 1 млн теңгеге интерактивті құрал-жабдықтар алынды, 500 мың теңгеге шағын орталыққа ойыншықтар алынды, 200 мың теңгеге кеңсе тауарлары, 200 мың теңгеге көркем әдеби кітаптар алынды. Мұғалімдер бюджет есебінен дәрігерлік тексеруден өтті, шаруашылық тауарлары сатып алынды. Қосалқы бөлшектерге 60 мың теңге жұмсалынды. Сонымен қоса, өрт сөндіру баллондары толықтырылды. 450 мың теңгеге мектептің жөндеу жұмыстарына краска алынды. Биылғы оқу жылында Робототехника, Биология кабинеттері жабдықталынды. Мектептің бірінші қабатында су ішуге арналған 2 субұрқақ орнатылды, 2-қабатта қыздардың әжетханасына кабиналар қойылды. 15 млн теңгеге мемлекет қаражатынан мектепке автобус алынды.
Сонымен қоса, үнемделген қаржы есебінен мектеп ішіндегі барлық стендтер ауыстырылып, 1-2-қабаттарға жиһаздар (демалу бұрышы), сынып бөлмелеріне шкафтар алынды. «Мәңгілік ел» кабинеті жабдықталынды, парталар жөнделінді, дәліздерге, кабинеттерге жалюзилер орнатылды, директор кабинетіне, директордың орынбасарлары кабинеттеріне жиһаздар алынды. 3 кабинетке линолиум салынды. Химия кабинетінде әр партаға суық су крандары орнатылды, акт залына креслолар қойылды. Спорттық зал ауа сорғыштарына жөндеу жүргізілді. Гүлдерге ыдыстар және эксклюзивті гүлдер, мектеп ауласына бұғы мүсіндері сатып алынды. Мектептің кіреберіс баспалдақтарына керамогранит плиткалар салынды. Мектептің ішкі есіктері пластик есіктермен, сыртқы есіктері темір есіктермен ауыстырылды. Мектептің сырты рәсімделді: Президент портреті қойылды, Мемлекеттік Ту сатып алынды. 480мың теңгеге жылу құбырлары жөнделінді. Мектептің ішкі бөлмелерінің плафондары, люстралары, лампалары ауыстырылды және сырты жарықтандырылды.
Өткен жылдың маусым айында мектеп «Корни травы» атты үлкен маңызды жобаға қатысып, нәтижесін күтудеміз. Бұл жоба Жапон елшілігінің демеушілігіне негізделген қайтарымсыз көмек көрсету болып табылады. Жапон елшілігінің қызметкерлері мектебімізде болып, терезелерді көріп, жағдаймен танысып шықты. Егер жобаны жеңіп шығатын болсақ, жапондықтар тарапынан мектептің барлық терезелерін пластикке ауыстыру үшін қомақты қаражат беріледі. Осы орайда бірнеше ай бойы жоба бойынша көптеген мәліметтер, терезеге жұмсалатын қаражат бойынша сметалар ұсынылып келеді. Қорытындысы үстіміздегі жылдың сәуір айында белгілі болады. 1997 жылдан бастап осы жоба бойынша 75 жоба мақұлданып, қазақстандықтарға 5,487,468 АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінген екен.
Мектеп өз жұмысын бірнеше нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүргізеді. Атап айтқанда, ҚР 2016-2019 жылдардағы білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Білім туралы Заңы, 2013-2020 жылдарға арналған тәрбиенің кешенді бағдарламасы, Жаңартылған білім беру бағдарламасы, Үштілділікті дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары.
Биылғы оқу жылының қыркүйек айынан бастап 2 «А», 2 «Б» сыныптары кадет сыныптары болып ашылып, қазіргі уақытта өз ерекшеліктеріне қарай білім алуда. 3-сыныптарда «Мұрагер» бағдарламасы бойынша домбыра сабақтары жүргізіледі.
Үштілділікті дамыту мақсатында мектепте оқушыларға арналып ағылшын тілі үйірмесі, ата-аналарға арналған ағылшын тілі клубы жұмыс істейді. Клуб ақысыз, әр сенбі сайын мектеп мұғалімдерімен өткізіледі. 8-9-сыныптарда химия, биология, информатика, физика пәндерінде сабақтың 40-50% ағылшын тілінде жүргізу жүзеге асырылуда. Оқушыларға негізгі термин сөздерді, пән бойынша қолданыстағы маңызды сөйлемдерді ағылшын тілінде түсіндіріп, сол тілде оқушылардың меңгеруіне баса назар аударылып отыр.
Мектепте әдістемелік жұмыс та алдыңғы орынға қойылған. Әр аптаның сенбі күндері 2 сағаттан мұғалімдерге коучингтер жүргізіліп, кәсіби білімдерін шыңдауға жағдай жасалынған. Оқытудың сапасын жоғарылату бойынша жұмыстар атқарылуда. Өткен оқу жылының білім сапасы 58%-ды көрсетсе, І жартыжылдық бойынша білім сапасы 66,3%-ға көтерілді. Мектеп ішінде 14 «lesson study» топтары жұмыс жасайды. Мұғалімдердің бұл бірлескен сабақты зерттеу жұмыстары оқытудың тиімді жақтарын анықтауға, тәжірибе алмасуларына, бір-біріне әдістемелік көмек, қолдау жасауына жағдай жасайды.
Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған жұмыстар да жүргізілуде. Оқушылар робототехника бойынша роботтар құрастырумен, биология бойынша гидропоника (топырақсыз, сумен өсімдік өсіру) арқылы өсімдік өсіру істерімен айналысады. Мектеп ішінде спорттық секциялар (волейбол, баскетбол, таэквондо), пәндік үйірмелер, домбыра, би үйірмелері жұмыс істейді.
І жартыжылдық бойынша мектепте бірқатар жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындарымен ай сайын 1 іс-шара ұйымдастырылып отырады. Қыркүйек айында «Ахмер орта мектебі» КММ мұғалімдері, әскери бөлімнің спорт кешені тренерлері, Герасимовка ауылы мұғалімдері арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді. Қазан айында Қарттар Күніне арналған мектеп алдында тұрғындарға арналып жәрмеңке өткізіліп, оқушылар күшімен концерт қойылып, спорттық ойындар жүргізілді. Қарттарға арналып дастарқан жайылды. Қараша айында әскери бөлім қызметкерлері, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары бірлесе отырып «Ахмердің жалынды жастары» атты акция өткізілді. Акция «Тимбилдинг» ойыны негізінде ұйымдастырылды. Желтоқсан айында Әскери бөлім қызметкерлері, ата-аналар, мектеп оқушыларымен бірлескен патриоттық әндер фестивалі өткізілді. Желтоқсан айында Ахмер ауылының әжелерінің күшімен «Песня моей бабушки» атты әжелер әнінің концерті ұйымдастырылды.
І жартыжылдық бойынша оқу-тәрбие жұмысы бойынша 4 семинар өткізілді: 1-семинар бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған білім бағдарламасы бойынша облыстық семинар, 2-семинар қала мектептерінің директорларына арналды, 3-4-семинарлар ата-аналарға арналып ұйымдастырылды. Ата-аналармен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, мектеп ісіне тартуға жағдай жасалынуда. Оқу жылының басынан бері ата-аналарға арналған 5 рет республикалық конференция, 5 рет ата-аналар жиналыстары (4-сынып ата-аналарына, 8-сынып ата-аналарына, 9-сынып ата-аналарына, 11-сынып ата-аналарына, жалпы ата-аналарға) өткізілді.
Алдағы уақытта да мектептің материалдық-техникалық дамуына, білім сапасының артуына, тәрбие жұмысының жандануына қатысты көптеген іс-шаралар белгіленіп отыр. Мұның барлығы мектептің даму жоспарында көрсетілген.
Мектеп директоры: А.Кадирова
Выступление директора КГУ "Ахмеровская средняя школа" акимата города Усть- Каменогорска о проделанной работе за І полугодие 2018-2019 учебного года на общественном слушании
В настоящее время в школе обучаются 1177 детей, включая предшкольной подготовки. Классы предшкольной подготовки обучаются в 3 смены, 1-11 классы-в 2 смены. Учащиеся из села Ахмирово и те, которые живут в отдаленных районах перевозятся на бесплатном автобусе. По направлениям «Арман», « Инвестор», «Родничок» ездят 3 автобуса. На начало учебного года на подвозе было 481 детей, на конец I полугодия 543 ученика.
Что касается материальной базы и средств школы, то на ремонт кровли школы за счет государства выделено 6,5 млн тенге, которые полностью освоены. За счет государства приобретено интерактивное оборудование на 1 млн тенге, игрушки для мини-центра на 500 тыс. тенге, приобретены канцелярские товары на 200 тыс. тенге, художественная литература на 200 тыс. тенге. Учителя прошли медицинское обследование за счет бюджета, приобретены хозяйственные товары. Израсходовано на запасные части 60 тыс. тенге. Заправили пожарные баллоны. На 450 тысяч тенге приобретена краска для ремонта школы. В этом учебном году оборудованы кабинеты робототехники, биологии. На первом этаже школы установлены 2 фонтанчика для питья воды, на 2 этаже установлены кабины для туалета девочек. На сумму 15 млн тенге из средств государства школа приобрела автобус.
Кроме того, за счет экономии были заменены все внутришкольные стенды, приобретены мебель на 1-2 этажах (уголки отдыха), шкафы для классных комнат. Оборудован кабинет "Мәңгілік ел", отремонтированы парты, установлены жалюзи в коридорах, кабинетах, приобретена мебель для кабинета директора, кабинетов заместителей директора. Положен линолиум в 3-х кабинетах. В кабинете химии на каждой парте установлены краны холодной воды со сливом, в актовый зал купили кресла. Проведен ремонт воздушных насосов спортивного зала. Были приобретены горшки для цветов и эксклюзивные цветы, скульптура оленя на школьном дворе. На входных лестницах школы положили керамогранитные плитки. Внутренние двери школы заменены пластиковыми дверями, наружные двери заменены металлическими дверями. Была школа оформлена снаружи: купили портрет президента, государственный флаг. Отремонтированы на 480 тыс. тенге тепловые трубы. Были заменены плафоны, люстры, лампы и наружное освещение внутренних помещений школы.
В июне прошлого года школа приняла участие в большом проекте «Корни травы» и ждем результатов. Данный проект является оказанием безвозвратной помощи, основанной на спонсорстве японского посольства. Представители Японского посольства посетили школу, посмотрели окна, познакомились с ситуацией. Если выиграем проект, то со стороны японцев будут выделены значительные средства на замену всех окон школы на пластик. При этом в течение нескольких месяцев предлагаются многочисленные сведения по проекту, сметы по средствам на окна. Итоги будут подведены в апреле текущего года. С 1997 года по данному проекту было одобрено 75 проектов, казахстанцам выделены средства в размере 5,487,468 долларов США.
Школа ведет свою работу, исходя из нескольких нормативных документов. В том числе, государственная программа развития образования и науки РК на 2016-2019 годы, Закон РК Об образовании, комплексная программа воспитания на 2013-2020 годы, обновленная образовательная программа, комплексный план развития трехъязычия на 2016-2019 годы.
С сентября этого года 2 «А», 2 «Б» классы открылись кадетскими классами, в настоящее время обучаются по своим особенностям. В 3-х классах проводятся уроки домбры по программе «Мұрагер».
В целях развития трехъязычия в школе действует кружок английского языка для учащихся, клуб английского языка для родителей. Клуб бесплатный, каждую субботу проводится учителями школы. В 8-9-х классах осуществляется на английском языке 40-50% занятий по химии, биологии, информатике, физике. Особое внимание учащимся было уделено изучению основных терминов, наиболее важных предложений по предмету на английском языке.
В школе также развивается методическая работа. Каждую субботу по 2 часа учителями проводятся коучинги, созданы условия для повышения профессиональных знаний. Проводится работа по повышению качества обучения. Качество знаний за прошедший учебный год составило 58%, за I полугодие-66,3%. Внутри школы работают 14 групп "lesson study". Исследовательская работа совместного урока позволяет учителям выявить эффективные стороны обучения, обмениваться опытом, оказывать друг другу методическую помощь, поддержку.
В школе ведется работа, направленная на рациональное проведение досуга учащихся. Учащиеся занимаются сборкой роботов по робототехнике, выращиванием растений с помощью гидропоники по биологии (без грунта, водорастворения). В школе работают спортивные секции (волейбол, баскетбол, таэквондо), предметные кружки, домбры, танцевальные кружки.
Все мероприятия которые запланированы на І полугодие реализованы. Ежемесячно с жителями села проводится 1 мероприятие. В сентябре месяце была проведена товарищеская встреча по волейболу среди учителей КГУ» Ахмеровская средняя школа", тренеров спортивного комплекса войсковой части, учителей села Герасимовка. В октябре была проведена ярмарка, посвященная Дню пожилого человека, силами учащихся был организован концерт, проведены спортивные игры. Для пожилых людей был накрыт стол. В ноябре месяце совместно с сотрудниками войсковой части, родителями, учителями и учащимися школы была проведена акция "Пламенная молодежь Ахмирово". Акция была организована на основе игры "Тимбилдинг". В декабре был проведен фестиваль патриотической песни, организованный сотрудниками войсковой части, родителями и учащимися школы. В декабре был организован концерт «Песни моей бабушки».
За І полугодие проведено 4 семинара по учебно-воспитательной работе:1- областной семинар учителей начальных классов по обновленной образовательной программе, 2-семинар был посвящен директорам школ города, 3-4-семинары были организованы для родителей. С родителями всегда тесно работаем, привлекаем в школьную жизнь. С начала учебного года проведены 5 республиканских конференций для родителей, 5 родительских собраний (родителям 4-х классов, родителям 8-х классов, родителям 9-х классов, родителям 11-х классов, общешкольное).
В дальнейшем намечены мероприятия по материально-техническому развитию школы, повышению качества образования, активизации воспитательной работы. Все это отражено в плане развития школы.
Директор школы Кадирова Айгуль Чуленбаевна